Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің және олардың өндірушілерінің тізілімі
16.01.2025 19:00:04

Басқы бет

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР МЕН ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Сағаттық белдеудің UTC+5 ауысуы бойынша жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізуге байланысты «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» ақпараттық жүйесінің порталы (https://reestr.nadloc.kz) 2024 жылғы 29 ақпан сағат 23.00 бастап 2024 жылғы 01 наурыз сағат 01.00 дейін уақытша қолжетімсіз болатындығын хабарлаймыз.

Ағымдағы жылғы 11 - 19 қаңтар аралығында (7 жұмыс күні) серверлік жабдықтың істен шығуына байланысты «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» МАЖ жұмысында техникалық ақау болғандығы туралы хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-1-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, әлеуетті өнім берушілер арасындағы бәсекелестікті шектеуге жол бермеу мақсатында конкурстық рәсімдер бойынша техникалық ақау кезеңінде келіп түскен конкурстық өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерді ұсыну мүмкіндіктері үшін а.ж. 22 қаңтардан бастап 7 жұмыс күніне (жүйе жұмысы іске қосылған күннен бастап) ұзартылатын болады. Осыған байланысты:

Тапсырыс берушілер үшін: 1) тапсырыс берушінің карточкасын ақпараттық деректердің (жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарттың (лицензияның), ЕҚ бойынша міндеттеменің нөмірі және күні және т.б.) болуына тексеру, болмаған жағдайда жаңарту; 2) ҚПҚ жер қойнауын пайдаланушылар үшін сатып алынған ТЖҚ және олардағы ЕҚ үлесі туралы 2023 жылғы 4-тоқсанға (2023 жылғы 1, 2 және 3-тоқсанға өсімсіз) арналған есептерді ағымдағы жылғы 25 қаңтарға дейін орналастыру;

қызмет көрсетушілер үшін: 1) конкурстық өтiнiмдi бергенге дейiн жеткiзушiнiң карточкасындағы құрылтай құжаттарын жаңарту (конкурстық өтiнiмдi қабылдамауды болдырмау үшiн); 2) аяқталмаған ашық конкурстар мен электрондық сауда-саттыққа қатысу үшін берілген конкурстық өтінімдерді қайтарып алу және жаңартылған деректермен қайтадан ұсыну қажет.


Құрметті кәсіпкерлер, бизнес иелері, ұйым басшылары және басқа да мүдделі тұлғалар!

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ҚР ИИДМ 2022 жылғы 15 маусымдағы №342 бұйрығымен бекітілген Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын (бұдан әрі – Қағида) төмендегі шығын түрлері бойынша осы мемлекеттік ынталандыру шарасын алу туралы өтінім беру арқылы іске асыруға қатысуға шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін шақырады

ҚР ҰКО JAVA апплет жұмысына өзгертулер енгізгендігін хабарлаймыз, апплеттің дұрыс жұмыс істеуі үшін NCALayer қосымшасын орнату қажет, оны мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

ҚР ҰКО NCALayer-мен жұмыс бойынша нақты нұсқаулықты мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

Сондай-ақ, ҰКО (RSA), ҰКО (GOST) негізгі сертификаттарды орнату қажет:

Тапсырыс берушілер
  • Сізді қызықтыратын тауарлар, жұмыстар және қызметтер атауларында жеткізушілер туралы ақпарат алу
  • Жеткізушілерге Сіз өткізетін тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу туралы хабарлау
Жеткізушілер
  • Өндірілетін өнімдер, жұмыстар және қызметтер туралы мәліметтер орналастыру
  • Тапсырыс берушілер жүргізетін сатып алулар туралы ақпарат алу
  • Өз қызметін, даму бағытын жоспарлау

Техникалық қолдау қызметіне жіберілген сұраулар электрондық почта арқылы қабылданады

Жүйеде тіркелу үшін қажетті шарттар





Қажетті шарттарды орындағаннан кейін
Назар аударыңыз!